Қазақстан аумағында бұл бокс кешін Qazaqstan және Qazsport арналары тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, әуелде трансляция 07:00-де басталады деп жоспарланған. Енді оның уақыты өзгеріп, 08:00-ге жылжытылды.
06:20-да жанкүйерлер назарына Головкин мен Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) жекпе-жегі ұсынылады.
Басты жекпе-жек - Головкин мен Мартиросянның кездесуі 09:00-де басталады.