«Дене шынықтыру-сауықтыру кешені мамыр айының соңында немесе маусым айының басында ашылады. Оның ашылуына Геннадий Головкинді шақыруға ниеттіміз», - деді қала басшысы.
Оның айтуынша, жабдықтар спорттық федерациялардың талаптарына сәйкес келеді. Кешенді жабдықтауға және ұстауға бюджеттен 67 млн. теңге бөлу жоспарланған.
ДСК «Спорт нысандарын дамыту» бағдарламасы бойынша қолға алынған. Ол бұқаралық сабақтарға арналған. Кешенде ауыр атлетика және бокс, волейбол, баскетбол, шағын футбол ойнауға арналған залдар, сондай-ақ жүзу бассейні болады. Секциялардың бәрі тегін.
«Жетекші жаттықтырушылар ЖСК жабдықтау, спорттық мүліктің саны бойынша өз ұсыныстарын жасады. Кешеннің жұмысын жолға қою мақсатында олардың кеңесі ескерілді», - деді Нұрлан Әубәкіров.