Оның айтуынша, бұл жекпе-жектер оның мансабын дамытуға жақсы түрткі болар еді. Еске сала кетейік, Головкин оған WBC атағын ресми тапсыру кезінде Мексикада болған еді. Өзінің кәсіби мансабында қазақстандық боксшы 31 жеңіске жетті және бірде-бір рет жеңіліп көрген жоқ.
- Чавес пен Котто мықты боксшылар және оларға қарсы ұрыс - менің мансабымды өзгертуге жақсы мүмкіндік, - деген Голоавкиннің сөзін келтірген boxingscene.com. - Мексика көптеген чемпиондар шыққан ел. Маған Коттоның ұрыс салғаны ұнайды. Ол лайықты чемпион.