«GGG Tecate фотосессиясында 2017 жылғы ауқымды маркетингті науқанға дайындалуда»,- деп жазды твиттерге Головкинның промоутері Том Лёффлер.
Tecate - Мексикадағы ең танымал сыра. Атап өткен жөн, бұл компания Головкиннің тегеурінді қарсыласы, мексикалық Саул Альварес «Канеломен» де жұмыс істейді.
Головкин мен Канело прмоутерлерінің 2017 жылғы қыркүйекте жекпе-жек өткізу жөніндегі ауызша келісімдері бар.
Дегенмен, Геннадийдің келесі кездесуі 18 наурызда Нью-Йоркте американдық Дэниел Джейкобспен болатын сыңайлы.