Головкин мен Альварес ашық жаттығу өткізеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-1, 34 КО) журналистер мен жанкүйерлерге жекпе-жек алдындағы дайындықтарын бақылауға мүмкіндік береді, деп жазады Sports.kz.

Мексикалық ContraAtaque Deportivo басылымның деректеріне қарағанда, ашық жаттығу 28 тамызда Лос-Анджелесте өтеді.

Айта кетейік, Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекке белгіленген.