Головкин мен Альварес жекпе-жегі 2017 жылдың қыркүйегінде өтуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жекті 2017 жылдың қыркүйегінде өткізуі мүмкін. Бұл туралы ESPN телеарнасы Альварестің промоутері Оскар де ла Хойяға сілтеме жасап хабарлады.

Осыған дейін Альварес 12 раундтық жекпе-жекте британиялық  Лайам Смитті 9 раунда нокаутпен жеңіп, Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) нұсқасы бойынша әлем чемпионы белдігін тартып алды, деп хабарлады ТАСС. 

Альварес 34 жастағы қазақстандықпен кездесу өткізу туралы келіссөздер бұрын жүргізілгенін айтты. «Бір ай бұрын Головкинге оның бұрынғы табысынан екі немесе үш есе көп ұсындық», - деді мексикалық.

Головкин Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA), Халықаралық бокс федерациясы (IBF) мен Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) нұсқалары бойынша әлем чемпионы. 11 қыркүйекте ол британиялық Келл Брукқа қарсы кездесуде титулдарын қорғап қалды.