«WBC қазір ғана VADA-дан Сауль Альварестің 2 сәуірдегі және Геннадий Головкиннің 3 сәуірдегі допинг-сынамасының нәтижесін алды. Екеуі де - таза», - деп жазды Сулейман өзінің Туиттердегі парақшасында.
Еске салайық, бүгін «Канелоның» 29 наурыздағы тестінің нәтижесі жарияланды. Оның ағзасында кленбутерол мен басқа да тыйым салынған заттар табылған жоқ.