Daily Mail Леффлердің «Даллас тартымды вариант болуы мүмкін. «Уэмблиде» жұдырықтасқан Энтони Джошуа мен Владимира Кличконың 90 мың адам жинағанын көрдік. «Ковбойлар» стадионында 100 мың адамның көз алдында болатын айқас айтулы оқиға болар еді», - деген сөзін жариялады.
Айта кетейік, Головкин мен Альварестің бірінші жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтіп, тең нәтижемен аяқталған болатын.