АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-1, 34 КО) жекпе-жекке бір күн қалғанда салмақ өлшеу рәсімінен өті, деп хабарлайды Sports.kz.
Головкиннің де, Альварестің де салмағы 160 фунтты (72,57 килограмм) көрсетті.
Еске сала кетейік, кездесу 16 қыркүйек күні (Қазақстанда 17 қыркүйек күні таңда) Лас-Вегастағы T-Mobile Arenaда өтеді. Қазақстанда жекпе-жекті «Qazsport» және «Qazaqstan» телеарналары көрсетеді. Айқас Астана уақыты бойынша 08:50-де басталады.
Ербол Жанат
Журналистика саласындағы еңбек жолын 2010 жылы бастаған. Kazinform ХАА-да 2014 жылдан бері тілші, шығарушы редактор болып еңбек етті. Қазіргі қызметі - шеф-редактор.