VADA Головкин мен Деревянченконы титулдық жекпе-жек алдында допинг-тесттен өтуге шақырды. Боксшылар тарапы оған қол қойды.
Еске салайық, Геннадий Головкин — Сергей Деревянченко айқасы 5 қазанда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өтеді. Боксшылар бірінші баспасөз мәслихатын өткізіп, көз арбасты.