Sports.kz сайтының жазуынша, жекпе-жекке бір жеті қалғанда Головкиннің салмағы 162 фунтты (73,5 келі), америкалықтың салмағы 167,8 фунтты (76,1 келі) құрайды. Еске салайық, айқасқа 30 күн қалғанға дейін GGG - 165,1 фунт, Джейкобс 174,8 фунт болатын.
Головкин - Джейкобс айқасы 18 наурыз күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden алаңында өтеді. Ал 17 наурызда, жергілікті уақыт бойынша 09:00-де (Астана бойынша 20:00-де) боксшылар салмақ өлшеу рәсімінен қайта өтеді .
Аталған жекпе-жекті қазақстандықтар 19 наурыз күні тікелей эфирден көре алады.