АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Дэниэл Джейкобс Нью-Йорктегі баспасөз мәслихатында көз арбасу рәсімін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін BoxingScene.com сайты екі боксшының көз арбасу рәсімінің видеосын жария етті.
Естеріңізге сала кетейік, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 19 наурыз күні Madison Square Garden аренасында Астана уақытымен таңертең басталады. HBO арнасы АҚШ-та бокс кешін ақылы көрсетілім жүйесі арқылы (PPV) көрсетуді жоспарлап отыр.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.