Головкин мен Джейкобстың допинг-тест қорытындысы мәлім болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBC президенті Маурисио Сулейман өзінің Тwitter-інде қазақстандық Геннадий Головкин мен американдық Дэниэл Джейкобстың допинг-тест қорытындысын мәлім етті, деп хабарлайды Sports.kz.

Сулейманның айтуынша, тест қорытындысы екеуінің де "таза" екенін растады.

Еске сала кетсек, осыдан бір ай бұрын, қазақстандық Геннадий Головкин мен американдық  Дэниэл Джейкобс  8 наурызда  Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында болатын жекпе-жек алдында допинг-тест  тапсырған болатын.