Леффлердің пікірінше, бұл көрініс көп көрермен жинаған болар еді.
«Головкин мен Альварестің айқасы әлем боксындағы ерекше оқиға болар еді. Егер Хан «Канелоны» жеңіп, белдігін тартып алса, онда WBC ұстанымы бойынша ол Головкинмен кездеседі не титулынан айырылады.
Маркетингтік және қаржы жағынан Амирден түсетін пайда көп. Фрочты айтқан кезде үнемі осы жайлы сөз етеміз - оған британдық жанкүйерлер шығады. Ханмен де осындай жағдай. Оның британдық жанкүйерлеріне АҚШ-тағы Геннадийдің жанкүйерлері қосылар еді. Хан-Головкин айқасы Ұлыбританияда көп адам жинаса, бірақ қаржы жағынан алып қарасақ. АҚШ-та өткізу тиімдірек болады», - деді Леффлер Sky Sports берген сұхбатында.
Еске салсақ, Альварес-Хан жекпе-жегі 7 мамырда Лас-Вегаста өтеді. Жеңімпаз Головкинмен кездесуге міндетті. Өз кезегінде, Головкиннің Доминик Уэйдпен айқасы 23 сәуірде, Лос-Андежелсте өтеді.