Гомес атап өткендей, Лас-Вегастағы бірінші жекпе-жектен қыруар табыс түскен және олар осы формуланы қайталаудан үміттеніп отыр. Сондай-ақ, Даллас, Нью-Йорк пен Лос-Анджелес те жекпе-жекті қабылдауға қызығушылық танытуда.
«Лас-Вегастың басқа қалаларға қарағанда кездесуді өткізуі мүмкіндігі басым, бірақ алдымен бізге боксшылар арасында келісімге қол жеткізу керек болды және оған жеттік те. Өткен сенбіде Оскар де ла Хойя мен Том Леффлер келісімге қол қойды, сондықтан енді алаң іздеумен айналысамыз. Соңғы рет Лас-Вегас бізге жақсы ұсыныс жасады, бірақ біз олардың жоспарына да, маркетингтік идеяларына да құлақ асуымыз керек», - деді ESPN Deportes-ке Гомес.
10:45, 31 Қаңтар 2018
Головкин мен «Канело» реваншы өтуі мүмкін орын белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Golden Boy Promotions президенті Эрик Гоместің айтуынша, Лас-Вегастағы T-Mobile Arena 5 мамырда Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің қарымта айқасын өткізуге ең қолайлы орын, деп жазады Sports.kz.