Айта кетейік, қазақстандық боксшының командасы жекпе-жектен түсетін кірісті 50-де 50 етіп, теңдей бөлуді ұсынып отыр. Ал «Канело» кірістің 65 пайызын алып, қарсыласына 35 пайызды ғана қалдаруды ұсынып отыр.
«Осы ретте мен тағы бір мәселеге назар аударғым келеді. Яғни Головкинге «Канелоның» кірісін өзінікінен 5 немесе 10 пайызға көп етіп қойып, кездесуді өткізуге келісім беру керек. Сонда Головкиннің үлесі 40% болады да, «Канелонікі» 45% болады. Ал жеңімпаз қалған 15%-ті де алады. Осылайша, «Канело» жеңген жағдайда кірістің 60% алады, GGG жеңсе, оның да қаржысы қомақты болады»,-деді Рафаэль.