Головкин мен «Канелоның» үшінші жекпе-жегіне қанша жанкүйер келді

АСТАНА. ҚазАқпарат – 17 қыркүйекте Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы үшінші жекпе-жекке қанша жанкүйер келгені белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Мексикалық боксшыға тиесілі екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек T-Mobile аренасында өтіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен 116-112, 115-113, 115-113 есебімен Альварестің жеңісімен аяқталды. 113. Осылайша, Канело WBA, WBC, WBO, IBF және The Ring белдіктерін сақтап қалды.

Boxingscene.com журналисі Кит Идектің хабарлауынша, Головкин- «Канело» арасындағы бокс кешіне ресми түрде 19 519 адам келген.

2017 жылы Головкин мен «Канело» арасындағы алғашқы жекпе-жек тең аяқталса, 2018 жылы төрешілер көпшіліктің шешімімен жеңісті мексикалық боксшыға берді.






Фото: sports.kz