Головкиннің салмағы 160 фунтты көрсетті, Мартиросян 159,6 фунт болды. Осылайша, екі боксшы да орта салмақтағы шектен асқан жоқ.
Айта кетейік, олардың салмақтары кездесуге 30 күн қалғанда мынадай болған: Головкин 165,8 фунт, Мартиросян 170 фунт. Кездесуге 1 апта қалғанда Головкин 162,9 фунт, Мартиросян 167,1 фунт болды.
Головкин-Мартиросян бокс кеші 5 мамыр күні Карссондағы StubHub Center аренасында (Калифорния штаты, АҚШ) өтеді.
Қазақстанда бұл кездесу 6 мамыр күні, Астана уақыты бойынша 05-30-дар шамасында басталады. Басты кездесу сағат 09-00-де болады. Әзірге жекпе-жектің қазақстандық телеарналар арқылы таратылу-таратылмауы белгісіз.