Бұл туралы ұйым Twitter-дегі парақшасында жазған. «VADA Геннадий Головкин мен Риота Муратаны 2021 жылдың 29 желтоқсанында өтетін жекпе-жекке даярлық бағдарламамызға оралуымен құттықтайды», - делінген хабарламада.
VADA бағдарламасы боксшылардың жұдырықтасу алдында және одан кейін тыйым салынған заттарды қолдануына кездейсоқ тесттен өтуін көздейді. Еске сала кетсек, бұған дейін Головкин әлем чемпионының үш титулы үшін жекпе-жектің өтуін рейми түрде жариялаған.