«Бұл жапон боксы тарихындағы жалпы бюджеті 15 миллиард иеннен (132 миллион доллар) асатын ең ірі жекпе-жек болмақ», - деп хабарлады жергілікті БАҚ.
Орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO титулдары үшін өтетін Головкин - Мурата айқасы Жапонияның Сайтама қаласында 29 желтоқсанға жоспарланған, бірақ оған үкімет 1 желтоқсаннан бастап енгізуді көздеп отырған шетелдіктердің кіруіне шектеулер кедергі болуы мүмкін. Головкин мен Мұратаның жекпе-жегіне қатысты соңғы шешім осы аптада белгілі болады.