Бұл туралы «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Басты кездесуі Головкин мен Мюррей арасындағы жекпе-жек саналатын кәсіпқой бокс кешіндегі барлық төрт матчты да отандық спортсүйер қауым ақпанның 21-інен 22-сіне қараған түні «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының тікелей эфирінде сағат 01.30 - дан бастап тамашалай алады.
Бұл кездесулердің барлығы 22 ақпан күні таңғы 10.00-да «KazSport» телеарнасы жекпе-жекті қайталап көрсетіледі.
Естеріңізге сала кетейік, Головкиннің қарсыластарының бірде-бірі қазақстандыққа қарсы өткізген 12 раундтық жекпе-жектерін аяғына дейін жеткізе алған емес. Геннадий кәсіпқой бокста жұдырық түйістірген 31 қарсыласының 28-ін нокаутқа түсіріп, 17 матчты мерзімінен бұрын аяқтаған. Мюррейге қарсы матч Головкин үшін кәсіби рингтегі 32-ші кездесу болғалы тұр. Головкин WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын 12-нші рет қорғамақ.
Геннадий Головкин - қазақстандық боксшы, Қарағанды қаласының тумасы. 2003 жылы кәсіпқой боксшылар арасындағы әлем чемпионы және 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның 7 дүркін чемпионы, бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпазы.
Астана қаласында 2013 жылдың 24 сәуірінде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясында XX сессиясында атақты спортшы өзі туралы: «Менің ұлтым жайлы сұраған кезде мен: Әкем - орыс, шешем - кәріс, ал мен - қазақпын! - деп жауап беремін. Менің барлық жеңістерім еліме, халқыма, президентіме арналады!», - деп айтқан болатын.