Головкин мен оның бапкері рематч төрешілеріне қатысты пікір білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) және оның бапкері Абель Санчес мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) екінші жекпе-жектің төрешілері бұл жолы өз міндеттерін тиісті деңгейде орындағанын қалайды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Екінші айқаста төрешілердің профессионалдығына үміттенемін», - деп мәлімдеді Головкин.

«Төрешілерге бірнеше сұрағымыз бары анық. Соның ішінде меннен де. Бірақ меніңше, бұл жолы оларға көбірек қысым көрсетілуде», - деді Санчес.

Еске салайық, «Канело» - GGG» алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде өтіп, ол тең аяқталды.

Төреші Аделаида Берд Альварестің пайдасына - 118-110,  Дон Трелла 114-114 (бұл ретте, ол Головкиннің басымдық көрсеткен - жетінші раундтың жеңісін Альвареске берді) ұпай берді. Тек Дэйв Моретти ғана жеңіске Головкин жетті деп есептеді  - 115-113.

Көптен күткен рематч биылғы 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile Arena-да өтеді.

Билеттер құны 566 мен 52 000 доллар арасында белгіленген.