Рамирес қаңтар айында рингке оралуы тиіс. Егер бәрі сәтімен болса, біз оны тезірек Головкинмен кездестіруге тырысамыз. Меніңше, бұл жекпе-жекті 2017 жылдың алғашқы жартысында ұйымдастыруға болады. Мен оған сенемін және GGG жеңеді деп ойлаймын, - деді Арум.
Головкиннің келесі кездесуі 10 желтоқсан күні Нью-Йорктегі Barclays Center аренасында өтеді. Онда Головкин америкалық Дэниэл Джейкобспен жұдырықтасады.