Бокс жанкүйерлері мен фанаттар және журналистер үшін ашық өткізілген Головкин мен Роллстың жаттығулары екі боксшының алдағы кездесуі өтетін Madison Square Garden аренасында болды.
Айта кетейік, Головкин-Роллс кездесуі 9 маусым күні таң ата өтеді. Бұл 37 жастағы қазақстандық боксшының DAZN стриминг алаңындағы дебюті болмақ. Жуырда ғана ол жаңа телесеріктеспен құны 100 млн долларды құрайтын келісімшартқа қол қойды. Келісім талаптарына сәйкес, қазақстандық боксшы DAZN алаңында екі жылда 6 кездесу өткізуі керек.