Головкин мен Рубионың жекпе-жегін 120-дан астам ел тамашалай алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Спорт жанкүйерлері WBA және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBC нұсқасы бойынша уақытша чемпион Марко Антонио Рубио арасында өтетін жекпе-жекті күтуде. Кездесу 100-ден астам елде көрсетілетіні белгілі болды.

120-дан астам ел Головкин мен Рубионың жекпе-жегін көруге құқық алды, деп хабарланды ВКонтактеде Геннадий GGG Головкин тобында.

«Құрметті жанкүйерлер! Көптен күткен Калифорниядағы боксты жіберіп алмаңыздар. 19 қазанда сағат 07:00-де басталады. Головкин - Рубио басты жекпе-жегі сағат 09:00-де аяқталады», - делінген хабарламада.

Бүгін Абель Санчес оның қамқорлығындағы боксшының рингте кіммен кездесуды армандап жүргенін айтты.