Головкин мен Сондерс туралы мультфильм шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокс тақырыбында мультфильм жасаумен танымал суретші Моджахед Фудаилат өзінің Youtube-каналында жаңа видеоролик жариялады, деп хабарлайды sports.kz.

Жаңа видеода Давид Лемьеге (38-4, 33 КО) қарсы айқаста өзінің  титулын қорғап қалған WBO чемпионы Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) Геннадий Головкинді (37-0-1, 33 КО) жекпе-жекке қалай шақырғандығы көрсетіледі.