АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин спорттағы ерекше жетістігі үшін IBF-тен алған «жоғары наградасына» байланысты пкір білдірді, деп жазады Sports.kz.
«IBF тарапынан мұндай марапат алу мен үшін үлкен құрмет. IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы белдігіне ие болғаныма мақтанамын және оны ұзақ уақыт тағып жүрмекпін», - дейді спортшы.
Головкиннің келесі шайқасы 16 қыркүйек күні Сауль Альвареспен болатындығын естеріңізге саламыз.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.