Головкин Мейвезер мен Пакьяо ізбасарларының ондығын бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық Los Angeles Times басылымы «Бокстың келесі бетке ұстары кім болады?» материалында спорттық жолын аяқтаған Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо ізбасарларының рейтингін құрастырды, деп хабарлады Sports.kz.

ТОП-10-ты жеңілмеген орта салмақтағы боксшы Геннадий Головкин бастады, ол 35 рет жеңіске жеткен, оның 32 - нокаутпен.

«160 фунтта басымдығын танытқан  Головкин Доминик Уэйд сияқты қарсыластарына оны жеңу мүмкіндігі жоқ екенін дәлелдеді», - деп жазды автор.

Ондық төмендегідей:

1. Геннадий Головкин

2. Роман Гонсалес

3. Сергей Ковалев

4. Андре Уорд

5. Василий Ломаченко

6. Теренс Кроуфорд

7. Сауль Альварес

8. Дэнни Гарсия

9. Лео Санта Крус

10. Деонтей Уайлдер