"Менiңше, Геннадий мен Флойд арасында айырмашылық тым үлкен. Головкин - өте жақсы боксшы және тамаша нокаутшы. Ол қарсыласын көргенде - бiрден сұлатады, шыбын құрлы көрмейдi. Мен жекпе-жек болады деп ойламаймын, Мейвезер үшiн ол қауiптi. Флойдты Виталий Кличкомен шығарғанмен бiрдей", - дейдi ол.
Еске сала кетейiк, Мейвезер биыл мамыр айында Мэнни Пакьяоны жеңгеннен соң, күзде соңғы жекпе-жек өткiзетiндiгiн мәлiмдедi. Оның мүмкiн қарсыласы ретiнде мамандар WBA және WBC чемпионы Геннадий Головкиндi атаған болатын. Бiрақ әзiрге Флойд Мейвезер әлi күнге дейiн қарсылас есiмiн атаған жоқ.