«33 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын қорғау үшін 14-ші рет жекпе-жекке шығады. Еуропадағы кездесуден соң Геннадий АҚШ-қа оралады. Калифорниядағы оның жекпе-жегі бокс кешінің басты оқиғасы болмақ. Кездесу HBO телеарнасынан көрсетіледі. Бұл жолы қазақстандықпен өткен жылғы „ESPN's Boxcino" турнирінің жеңімпазы, 28 жастағы америкалық кіші Вилли Монро бақ таластырады, деп хабарлады sports.kz.
20:17, 06 Мамыр 2015
Головкин - Монро жекпе-жегі мамыр айындағы басты 10 кездесудің бірі болмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Championat.com сайты мамыр айындағы маңызды жекпе-жектердің аңдатпасын жасады. Солардың қатарында Геннадий Головкин мен кіші Вилли Монроның кездесуі бар.