Головкин - Монро жекпе-жегінің төрешілері белгілі болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы (72,6 кг) WBA Super/WBC Interim/IBO титулдарының иегері Геннадий Головкин мен америкалық боксшы кіші Уилли Монро жекпе-жегіне 48 сағат қалғанда Калифорния штатының атлетикалық комиссиясы аталған кездесудің реферилері мен төрешілерінің есімдерін жария етті.

Рингтегі үшінші адам болу жауапкершілігі Джек Реиссқа артылды, ал шаршы алаңның маңынан ондағы жағдайды бағалау ісі Аделаида Бёрд, Стив Вайсфельд және Пэт Расселлге бұйырды, деп хабарлады sports.kz.