Головкин: Мүмкін бір күндері менен үстем күшті сезермін, бәлкім, сол кезде қорқыныш пайда болар

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО)  Los Angeles Times берген сұхбатында өзінің жаттығуы жайлы айтып берді, деп хабарлады Sports.kz.

-  Бізге залға   мықты жас боксшылар келеді. Бірақ олар менің жасағанымды жасай алмайды. Бұл тым күрделі. Осында келгендердің әрқайсысы мен басқаша жасайтынымды түсінеді. 34 жасымда өзімді жақсы сезінемін, денем жұмыс істеп тұр, мұны түйсіну психологиялық тұрғыдан күшімді арттыра түседі.  Мүмкін бір күндері менен үстем күшті сезінермін, бәлкім сол кезде қорқыныш пайда болар.

Сондықтан да жағым мен мойнымның берік болуына  жаттығулар жасаймын. Бір соққы күллі өмірімді өзгертетінін жақсы білемін. Осының барлығын жақсы түсінгендіктен, жаттығу жасаймын - бұл өзімді сенімді, мықты, жайлы сезінуіме мүмкіндік береді. Мәселе менің күшімде ғана емес. Бір ғана мықты, ессіз, сәтті соққыға арқа сүйеуге болмайды. Бұл жерде теңгерім, тайминг, ұстаным маңызды. Осының барлығын біріктіргенде соққың қуатты бола түседі, - деді Головкин.