Геннадий өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында 29 желтоқсан, сәрсенбі күні Сайтамада (Жапония) өтетін және DAZN стриминг сервисі көрсететін шараның афишасын жариялады.
«Жапонияда үлкен драма болмақ. 29 желтоқсанда кездесеміз», - деп жазды GGG.
Айта кетейік, екі боксшы үшін алдағы айқас ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы жекпе-жек болмақ. Головкин өткен жылдың желтоқсан айынан бастап шаршы алаңға шықпаған болатын, ал Мурата 2019 жылдың соңынан бері жұдырықтаспаған.