Tru School Sports youtube-арнасының шолушысы Брендан Тейлор Sports.kz-ке берген сұхбатында Геннадий Головкин IBF тұжырымы бойынша Әлем чемпионы белдігін украиналық боксшы Сергей Деревянченкодан қорғауға неліктен ынталы екені туралы пікірін білдірді.
«Деревянченко міндетті үміткер. Сондықтан, меніңше, GGG «Канелоны» бәрібір жеңетін болғандықтан, осы міндеттемені орындап, Деревянченкомен кездесу өткізеді. Өздеріңіз білесіздер, Сергей өте жақсы боксшы. Ал бұл Головкин үшін жақсы сынақ болатын еді. Геннадий Головин мықтылығын сөзбен айтып отыра беретін спортшы емес, сондықтан да оның Деревянченкомен өтетін жекпе-жегі көп күттірмейді», - дейді маман.