Головкин НВО нұсқасы бойынша үздік боксшылар бестігіне енді

АСТАНА. ҚазАқпарат - НВО Boxing салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылар бестігінің өз нұсқасын жариялады. Бұл туралы GGG-нің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарланды.

Америкалық телеарнаның пайымынша, бұл тізімде америкалық Флойд Мейвезер көш басында.

Қазақстандық Геннадий Головкин төртінші орынға жайғасты.

Қазақстандық жұлдыз Геннадий Головкин төртінші орынға жайғасқан:

1. Флойд Мейвезер (АҚШ)

2. Андре Уорд (АҚШ)

3. Мэнни Пакьяо (Филиппины)

4. Геннадий Головкин (Қазақстан)

5. Роман Гонсалес (Никарагуа).