Головкин O2 аренасына келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадиий Головкин IBF нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы британдық Келл Брукпен кездесетін О2 аренасына келді.

Бүгін түнде Головкин 72,6 келіге дейінгі салмақ санатында Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA), Халықаралық бокс федерациясы (IBF) және Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) нұсқаулары титулдарының чемпиондығын қорғау үшін айқасады.


Тап қазіргі уақытта Лондонда бокс кеші өтіп жатыр. Головкин мен Бруктың рингке Астана уақыты бойынша 3:30 шығуы күтілуде.