Головкин обыр дертіне ұшыраған жас боксшыға қолдау көрсетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірнеше нұсқа бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин твиттерде лимфа жүйесі обырымен күрес жүргізіп жатқан жас боксшы Ли Уэлшқа қолдау сөздерін жазды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Сенің бойыңда нағыз батылдық бар! Күресіңді жалғастыр!». - деп жазды Геннадий.