WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) наурыз айында Madison Square Garden алаңында өтетін америкалық Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) кездесуге бар күшін салып дайындалуда.
Таулы, әрі ауасы таза осы жаттығу лагері көптеген спортшылардың көңілінен шығады. GGG бапкері Абель Санчестің айтуынша, Big Bear алқабы Головкинге оңаша қалуға, дайындыққа ғана мән беруге қолайлылығымен сондай-ақ, табиғаты Қазақстанға келетіндігімен ұнайды.
Фото/видео: vk.com/ggolovkin