Головкин өзін Суперменге теңеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) алдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Бұл жекпе-жек мен үшін ең үлкені. Мен оның қаншалықты ауқымды екендігін айта алмаймын. Соңғы жылдары «Канело» Мексиканың ұлттық батыры ретінде көрінді. Менде Қазақстанда дәл сондаймын. Бұл өте қызық. Екі батыр бір-бірімен күш сынасады. Супермен біреуге қарсы. Осы жекепе-жекте жеңіске жетіп, алға үлкен қадам жасағым келеді»,- деді Головкин CBS Sports-қа берген сұхбатында.

Айта кетейік, Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекке белгіленген.