Головкин өзін жоғары деңгейге көтеру үшін барын салды - Рамзан Кадыров

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Кадыров қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жетістіктері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті телерадиокешенінің Инстаграм парақшасында жарияланған шағын видеода Рамзан Кадыров Геннадий Головкин туралы ойын айтты.

«Мен бала кезден боксты жақсы көремін. Мен үшін үздік спортшы - кім болса ол болсын, дарынды адам, мен үшін құрметті адам. Себебі, еңбексіз ешкім ештеңеге қол жеткізе алмайды. Сіздердің боксшыларыңыз - әлем чемпионы, ол өзін осындай деңгейге көтеру үшін жанын салды. Жаттығуға емес, бәрі адамның өзіне байланысты. Өзін-өзі шыңдайтын болса, оның қолынан бәрі келеді. Сіздерде бокс қана емес, дзюдо да қатты дамып келеді. Біздің спортшыларымыз кездесіп, бірде жеңіп, бірде жеңілген болатын. Сіздерде спорт қарқынды дамып жатыр, спортшыларыңызға қарап қуанып отырамыз», - дейді Рамзан Кадыров.

Естеріңізіге сала кетейік, үш тұжырым бойынша орта салмақтағы экс-әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин DAZN стримингтік сервисімен мәміле жасады. Үш жылға арналған келісімшартқа сәйкес, Геннадий платформада алты жекпе-жек өткізуге тиіс. Бұған дейін Головкиннің DAZN-мен келісімшарты, «Канеломен» айқасы және бокстағы мақсаты туралы айтқанын жариялаған едік.

Соңғы жаңалықтар