«Менің бүкіл мансабымда ешқандай тыйым салынған немесе заңсыз заттарды қоспағаны үшін Абельге алғыс айтамын. Ол маған бокста рұқсат етілмеген заттарды үйреткен жоқ. Осындай тамаша бапкерім бар екеніне ризамын», - дейді Головкин.
GGG 15 қыркүйекте рингке оралады. Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да мексикалық Сауль Альвареске қарсы екінші кездесуін өткізеді. Олардың алғашқы жекпе-жегінде тең нәтиже тіркеліп, бұл біраз дауға ұласқан болатын. Енді екі боксшы да кездесу тағдырын төрешілерге қалдырмақ емес.