Рейтингті әдеттегіше ешқашан жеңіліп көрмеген никарагуалық Роман Гонсалес «Чоколатито» (46,0) бастады. Екінші орында қазақстандық Геннадий Головкин тұр (36-0). Әзірге бұл боксшы да жеңіліп көрген жоқ. Үздік үштікті америкалық Теренс Кроуфорд (29-0) аяқтайды. Оның отандасы Андре Уорд (31-0) ресейлік Сергей Ковалевты (30-1-1) жеңгеніне қарамастан, үздік үштікке іліне алмай, төртінші орынға тұрақтады. Ковалев бесінші тұр.
03:26, 22 Қараша 2016
Головкин P4P рейтингінде 2-ші тұр
АСТАНА. КАЗИНФОРМ - Бокс әлеміндегі жаңалықтар мен құнды пікірлерді жария етіп отыратын Твиттер Boxing Kingdom қарашадағы pound-for-pound боксшылардың жаңартылған рейтингін жария етті, деп хабарлайды Sports.kz.