Қазақстандық орта салмақтағы боксшы, бірнеше әлем чемпионы титулдарының иегері Геннадий Головкин мен оның мексикалық қарсыласы Сауль «Канело» Альварес өз орындарын сақтап қалды. Альварес ТОП-15-те көш бастап тұрса, Головкин алғашқы үштікті тұйықтап тұр.
«Альварес жақында допинг-сынамадан оң нәтиже көрсеткеніне қарамастан, 5 мамырдағы рематчта Головкинді жеңсе, бұл тізімде бірінші орында қалады. Бірақ, шынын айтқанда «Канелоның» қоғамдағы орны кленбутерол табылғаннан кейін әлсіреді. Golden Boy Promotions мәлім еткендей, бұл дәрі-дәрмек мексикалық еттің құрамында болған. Егер Альварес GGG-ді жеңген күннің өзінде көптеген адамдар оған күдікпен қарауы мүмкін», - деп жазылған Альварес туралы жарияланымда.
Бұл материалда Геннадийге қатысты былай делінген: «Канеломен» алғашқы кездесуде жалпы 27,06 миллион доллар түскеннен кейін, табысы бойынша тарихтағы үшінші боксшы атанды. Егер Головкин Альваресті екінші айқаста жеңсе, оның табысы одан да көп болады», - деп атап өткен басылымның авторы Джош Катцовитц.
Толық рейтинг мынадай:
1 (1). Сауль Альварес
2 (2). Энтони Джошуа
3 (3). Геннадий Головкин
4 (4). Василий Ломаченко
5 (6). Эррол Спенс
6 (5). Теренс Кроуфорд
7 (8). Деонтей Уайлдер
8 (9). Сергей Ковалев
9 (7). Дэниэл Джейкобс
10 (11). Майки Гарсия
11 (15). Срисакет Сор Рунгвисаи
12 (10). Кит Турман
13 (13). Джермелл Чарло
14 (14). Джермалл Чарло
15 (12). Мэнни Пакьяо
09:47, 12 Наурыз 2018
Головкин P4P рейтингінде ең табысты боксшылар қатарында тұр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал Forbes журналының сайты pound-for-pound ең табысты боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.