Головкин P4P рейтингісінде Гонсалесті басып озды

АСТАНА. ҚпазАқпарат - Орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин P4P рейтингісінің World Boxing News тұжырымының үшінші сатысына көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы  worldboxingnews.net сайты мәлім етті.

Қазақстандық боксшы аталмыш рейтингте никарагуалық Роман Гонсалесті үшінші орыннан төртінші орынға ығыстырды. Головкин 18 наурыз күні төрешілер шешімімен америкалық Дэниэл Джейкобсты ұтса,  Гонсалес дәл сол бокс кешінде таиландтық Висаксил Вангектен ұтылды.

Жаңартылған рейтинг бойынша үздік ондыққа енген боксшылар:

    1.Андре Уорд - АҚШ

    2.Мэнни Пакьяо - Филиппин

    3.Геннадий Головкин - Қазақстан

    4.Роман Гонсалес - Никарагуа

    5.Теренс Кроуфорд - АҚШ

    6.Василий Ломаченко - Украина

    7.Сергей Ковалев - Ресей

    8.Сауль Альварес - Мексика

    9.Гильермо Ригондо - Куба

    10.Кит Турман - АҚШ.