Бұл туралы жаңалық «Қазақстан кәсіпқой боксы» ВКтонтакте парақшасында жарияланды.
Бахтияр Эюбов (14-0-1, 12КО) жаңадан шығып келе жатқан америкалық бокс жұлдызы Брайан Себальомен (8-0, 4КО) сегіз раундтық айқаста кездеседі.
«15 ақпанда Канзас штатының Малвэйн қаласында өткен соңғы жекпе-жегінде Эюбов бірінші рет кездесуін жеңіспен аяқтай алмай, мексикалық Хосе Луис Родригеспен (25-13-1, 13КО) тең түскен», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, аталмыш айтулы жекпе-жек кешінде жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов (14-0, 10КО) 8 маусымда Нью-Йоркте өтетін Геннадий Головкин (38-1-1, 34КО) - Стив Роллс (19-0, 10КО) айқасының андеркартында рингке шығатынын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.
Ол 34 жастағы Абрахам Ханмен кездеседі. Абрахам Хан кәсіпқой бокста 26 рет жеңіске (оның 16-сын нокаутпен) жеткен. Төрт рет жеңіліп, бір мәрте қарсыласымен тең түскен.
9 маусымда өтетін бокс кешіне Данияр Елеусінов те шығатыны хабарланғанымен, кейін оның белгісіз себептерге байланысты ол кеште өнер көрсетпейтіні белгілі болды.