«Qazsport» телеарнасы Головкин - Роллс жекпе-жегін тікелей эфирден көрсетеді. «Madison Square Garden-дегі» (Нью-Йорк) бокс кеші 9 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 06:00-де басталады. GGG-дің қатысуымен өтетін айқас 09:00-ге жоспарланған.
Еске салайық, жекпе-жек кешінің андеркардында қазақстандық Әли Ахмедов америкалық Маркус МакДэниэлмен (15-0, 2КО), Бахтияр Эюбов АҚШ-тың тағы бір өкілі Брайан Себальомен (8-0, 4КО) кездесетіні жоспарланған.
Ә.Ахмедов WBC титулы үшін сынға түседі.
Айта кетейік, Головкин мен Роллс Нью-Йорк көшесінде көз арбасу рәсімін өткізді. Сондай-ақ GGG болашақтағы жоспарымен бөлісті.