DAZN стримингтік платформасының ресми сайтындағы ақпарат бойынша, Головкин — Шеремета жекпе-жегі сенбі күні, Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен таңғы сағат 07:00-де басталады. Алайда DAZN айқастың өтетін уақыты андеркард жекпе-жектерінің ұзақтығына байланысты өзгеруі мүмкін екенін атап өтті.
Еске сала кетсек, бастапқыда бұл айқас ақпан айында өтуі тиіс болған, алайда түрлі себептермен, соның ішінде коронавирус пандемиясына байланысты бірнеше рет кейінге қалдырылды.