Головкин соққысы мықты боксшылардың үздік бестігіне кірді

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокс туралы ақпарат тарататын thaboxingvoice.com сайтының твиттердегі парақшасында салмақ дәрежесіне қарамай мықты соққы жасай алатын боксшылардың алғашқы бестігі жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz.

Үздік бестіктің басында америкалық Деонтей Уайлдер, ресейлік Сергей Ковалев, ұлыбританиялық Энтони Джошуа тұр. Төртінші орынға қазақстандық Геннадий Головкин жайғасқан. Үздік бестікті жапон боксшысы Наоя Иноуэ түйіндейді.