«Головкин WBO чемпионы Инглвудтағы Forum аренасында Билли Джо Сондерспен титулдарды біріктіру жекпе-жегін өткізудің аз-ақ алдында тұрды. Ақылы телетрансляциялар жүйесінде (PPV) осы жекпе-жекті небәрі 250 - 300 адам тамашалауы мүмкін еді», - дейді Фишер.
Бірақ, абырой болғанда, осы аптада Головкин мен «Канело» екінші кездесу туралы келісімге келе алды. Рематч Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді. Енді Геннадий Билли Джо Сондерспен жуық арада кездеспейді.