Boxing Kingdom-ның твиттердегі парақшасында ESPN тілшісі Дэн Рафаэльге сілтеме жасап, әңгіме 10 миллион доллардың айналасында болып жатқандығы айтылады. Мұндай жағдайда Сондерспен болатын жекпе-жектен Головкин өз карьерасындағы рекордты деңгейдегі гонорарды алады. Осыған дейін GGG ең үлкен гонорарды британиялық Келл Брукпен (36-1, 25 КО) болған жекпе-жегі үшін алған болатын. Онда жерлесіміз 4 миллион доллар пайда тапты.
Головикн-Сондерс кездесуі Астанада болатын ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің аясында маусым айында өтеді деп күтілуде.